Navigasyonu atlayıp içerik bölümüne geç

Ұшулар қауіпсіздігі

Тарихы

Бұл сайттың басты мақсаты ұшулардың қауіпсіздік концепциясы туралы, сондай-ақ Turkish Airlines тарапынан қабылданатын қауіпсіздік шаралары туралы тұтынушыларға ақпарат беру  болып табылады.

Ұшулар қауіпсіздігіне әсер ететін тура немесе жанама түрдегі факторлар, атап айтқанда портативтік электрондық аспаптарды, қауіпті заттарды, үй жануарларын, балаларды, жүкті әйелдерді, мүгедектерді және науқас жолаушыларды тасымалдау www.turkishairlines.com. сайтында «ҚЫЗМЕТТЕР» тарауында қарастырылады.

Біздің бөлім 1974 жылы Бас Басқарушыға тікелей шығатын  Ұшулар Қауіпсіздігі Директораты түрінде ашылған болатын. 1999 жылғы қарашада,  JAA және JAR-OPS ережелеріне сәйкес, Сапаны Қамтамасыз ету Директораты ашылған болатын. Бұл бөлім 2000 жылдың соңғы тоқсанында Ұшулар Қауіпсіздігі және Сапаны Қамтамасыз ету Директораты болып өзгертілді.

Саясат және мақсаттар

Біздің компанияның саясаты келесі факторларға негізделеді:

  • Ұшулар қауіпсіздігі
  • Үнем
  • Жолаушылар комфорты
  • Кестені бақылау

Ұшулар қауіпсіздігі Turkish Airlines үшін ең маңызды мәселелер болып табылады. Біздің түсінігімізде, ұшулар қауіпсіздігіне жатады: ұшулар, ұшуға дайындықтар және стандарттар, салон жағдайлары, техникалық қызмет көрсету бөлімі, жер үсті операциялары, техникалық дайындықтар, шапшаң қимылдау тобы, сондай-ақ ұшуларды бақылау/техникалық қызмет көрсету/жер үсті операцияларының қауіпсіздігі.

Ұшулар Қауіпсіздігі және Сапаны Қамтамасыз ету Директоратының төрт негізгі мақсаттары бар:Image 1

  • Ұшулар қауіпсіздігі мен жер үсті операцияларын күшейту,
  • Ұшуға және жер үсті операцияларына қатысатын барлық персонал қауіп-қатерлері туралы хабардар болуды жоғарғы дәрежеде ұстау және жеткізу,
  • Кемшіліктермен және қателіктермен жұмыс істеу,
  • Болған оқиғаларға байланысты ақпараттарды талқылау және бағалау жолымен қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу жағдайлары кезінде алған тәжірибені алмасу.

Жолаушылардың қауіпсіздігіне өзіміз жауапты екенімізді біздің толық ұғынатынымыз аса маңызды. Егер Turkish Airlines қауіпсіздігінің стандарттары халықаралық критерияларға сәйкес келсе, олар әуе қауіпсіздігіне толық сенімді бола алады және ауамен коммерциялық тасымалдауға сенеді.

Жалпы мәлімет

Turkish Airlines ұшқыштарына Турцияның қарулы күштерінен шыққандар, және Турциядағы Анатолий Университетінің/Азаматтық Әуе Академиясының бітірушілері жатады. Бірінші ұшқыштардың міндеттерін орындайтын ұшқыштар Тобы шекарадан тысқары азаматтық әуе мектептерінде оқудан өтті. Жер үсті оқуынан, сондай-ақ ұшу имитациясынан оқудан сәтті өткен барлық ізденушілер екінші ұшқыштар ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Ізденушілер тек Турция азаматы ғана болуы мүмкін.

Экипажды медициналық тексеру ICAO/азаматтық әуенің Медициналық ережелеріне сәйкес Turkish Airlines әуесінің медициналық қызметі нің офицері тарапынан жүргізіледі. Әртүрлі жастағы топтары үшін медициналық тексерулер мерзімділігі төменде көрсетілген:

  • 40 және төмен: 12 ай
  • 40 - 60: 6 ай
  • 60 - 63: 3 ай Kokpit

Turkish Airlines ұшуға дайындық Орталығы екі негізгі секцияға бөлінген – ұшқыштар салоны мен кабинасы. Онда келесі жабдықтар орналасқан:

  • Ұшудың 3 толық ұқсатқышы; AVRO RJ100/70, B737-400, B737-800
  • Бірінші сынып салонының эксперименталдық моделі A340
  • Эконом сыныбы салонының эксперименталдық моделі B737
  • Апаттық оқшаулау ұқсатқышы B737/A310/A340
  • Қанаттағы апаттық шығу люгі A-310

Turkish Airlines ұшқыштары қолайсыз ауа райы жағдайларында, атап айтқанда жаман көрінетін және бұлт аз кездегі 2 және 3 санаттағы ұшуларды жүргізуді оқыған, бұл әуе кемесі мен аэродромның техникалық  сипаттамаларына байланысты қауіпсіз отыруға мүмкіндік береді.

Turkish Airlines барлық әуе паркі TCAS жабдықталған (Ауада соқтығысудың алдын алу жүйесі).

FAA Америка Құрама Штаттарында ұшуларды жүргізетін ауа тасымалдауыштардың, елдердің екі санатын белгіледі:

  • . 1 Санат: ICAO стандарттарына сәйкес келеді.
  • . 2 Санат: ICAO стандарттарына сәйкес келмейді.

FAA әуесінің қауіпсіздігін бағалау Халықаралық бағдарламасына сәйкес, FAA инспекторлары Турцияның Азаматтық Әуе Басқармасына бағалау жүргізді және бұл  ұйым лицензия береді және әуе көлігінде қауіпсіздік стандарттарына сәйкес әуе тасымалдағыштар қызметін бақылайды деген қорытындыға келді. Turkish Airlines 1 Санат болып анықталды, және қазіргі кезде Құрама Штаттарда 2 әуежайда рейстерді жүргізеді, атап айтқанда Джон Кеннеди әуежайында және Чикаго әуежайында.
Turkish Airlines ұшулар қауіпсіздігі критерилерін бағалау, FAA тарапынан,  Turkish Airlines ұшулар қауіпсіздігіне және халықаралық азаматтық әуе ережелерімен, 4 континентке және 104 әуежайда (28 жергілікті және 76 халықаралық) ұшуларды жүргізгенде үлкен назар аударатынын көрсетті. Бұл ұшулар жалпы сыйымдылығы 11 080 жолаушылары бар 69 әуе кемелерімен жүргізіледі. Turkish Airlines жыл сайын 10 миллион жолаушыларды тасымалдайды, ал әуе паркін пайдаланудың орташа кезеңі 6 жылға тең, бұл Turkish Airlines әуе паркін Еуропадағы ең жас әуе паркі етеді. Uçuş Emniyeti
Азаматтық әуені ғаламдандыру нәтижесінде, әуе компаниялар альянстарының құрылуы көп мүмкіндік беретін жұмыс нысанына айналғаны белгілі болды. Бұл байланыста, Turkish Airlines қолданыстағы халықаралық байланыстарды ұлғайтуды жалғастырады, бұл бәсекелестікке қабілеттілікті сақтайды және әртүрлі халықаралық рыноктарда болуды ұзартады.  Swiss, Austrian Airlines және Japan Airlines қатар, біз сондай-ақ Malaysia Airlines бірлескен рейстерін орындауды бастадық.
Қазіргі уақытта, пайдалануда шамамен 18000 әуе кемелері бар болып табылады. Біз 2016 жылға бүкіл әлем бойынша 25 500 дейін пайдалануға әуе кемелері санын жоғарылатуды жоспарлап отырмыз. Әуе компаниялары саяхаттаудың едәуір қауіпсіз тәсілін ұсынуда. NTSB мәліметтеріне сәйкес, әуе алапаттары өте сирек болады, ал саяхатшылардың өлім қауіпі немесе ауыр жарақаттанулары өте маңызды болып саналады. Массачусетса Технологиясының Институты 1990 жылдан бастапқы мәліметтер негізінде, әуе жолаушыларының өлім қауіпі сегіз миллионның бір бөлігіне тең екендігін санап шықты. Өлім қауіпі сегіз миллионның бір бөлігіне тең  дегенді басқа сөзбен айтқанда, егер жолаушы күніне бір рет ұшса, ол алапатқа түскеннен бұрын, 21 000 жыл бойы саяхаттауына болар еді.
Төменде сіздер біздің ұйымдық құрылымымызбен және қауіпсіз әрі тартымды ұшуларды ұйымдастыру жөніндегі компания қызметтерімен таныса аласыздар.

Ұйым

 

 

EğitimҚызмет

Ұшулар Қауіпсіздігі және Сапаны Қамтамасыз ету Директоратының міндеттеріне кіреді:

  • Сапа Стандартын бағалау, жүргізу және құру, сондай-ақ ұшулар, ұшуға дайындық және стандарттар, салондар жағдайлары, техникалық қызмет көрсету бөлімі, жер үсті операциялары, техникалық операциялар, техникалық дайындау, шапшаң қимылдау тобы бойынша ішкі аудиттер мен бақылаулар жүргізу,
  • Тиісті бөлімдер үшін Сапа жөніндегі Басшылықты дайындау.
  • Түзеу шаралары жоспарларының мониторингі және үйлестіру.
  • JAR-OPS1 және Turkish Airlines сапа саясатына сәйкес қауіпсіздік ұшулар және қауіпсіздік техникасы бойынша Бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру.
  • Ұшуларды Басқару Пунктінің екі есеп беретін ұшуларды бағалау және олардың мониторингі (Экспедициялық офис).
  • Ұшу-қону жолағының, Стамбулдағы Ататүрік атындағы әуежайында әуе көлігінің руль жолдары мен тұрақтарының күн сайынғы мониторингі.
  • Жергілікті әуежайларды бақылау,
  • Ұшулар қауіпсіздігі бойынша кездесу өткізу.
  • Компанияның ұшқыштар есептерін бағалау.
  • Жер үстінде болған оқиғаларды бағалау.
  • Ұшулар қауіпсіздігі және жер үсті қауіпсіздігі бойынша бюллетендерді дайындау.
  • Жер үсті қауіпсіздігі мен ұшулар қауіпсіздігінің мәдениеті бойынша бюллетендер дайындау.
  • Қосымша оқу материалдарын шығару.
  • Халықаралық жорналдар мен бюллетендерге жазылу.
  • Интернет арқылы халықаралық хат алмасу.
  • Turkish Airlines веб сайтында Ұшулар Қауіпсіздіктері бойынша тарауды қолдау.
  • Турцияда және шекарадан тысқары курстар мен семинарларға қатысу.
  • Бірінші ұшқыштарды және аға көмекшілерді экипажға қауіпсіздік бойынша сабақтарға қатысу үшін және жер үсті персоналын тағайындау.

Аббревиатуралар

ICAO : Халықаралық азаматтық әуе ұйымы

FAA : Әуе жөніндегі Федералдық Әкімшілік

JAA : Әуе жөніндегі Бірлескен басқарма

JAR: Бірлескен әуе талаптары

JAR-OPS1: Бірлескен әуе талаптары/Коммерциялық әуе тасымалдаулар

IASA: Әуе қауіпсіздігін бағалау Халықаралық бағдарламасы

ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ОФИС : Ұшуларды жоспарлаумен және басқарумен айналысатын әуе компанияларының бюросы.