| 20.05.1933 |
Turkish Airlines компаниясының Анкарада №2186 заңға сәйкес «Әуе компанияларын мемлекеттік басқару» деген атпен Қорғаныс Министрлігі департаменті ретінде негізі қаланды. ӘУЕ ПАРКІ
KING BIRD (5 ОРЫН) 2 JUNKERS F-13 (4 ОРЫН) 1 ATH-9 (10 ОРЫН) |
| 1935 |
Әкімшілік Қоғамдық Жұмыстар Министрлігіне берілді |
| 1938 |
Әкімшілік Мемлекеттік Әуе жолдарының Бас Директораты болып қайта аталып, Көлік Министрлігіне берілді |
| 1945 |
Әуе паркі DC-3 әуе кемелерімен толықтырылады |
| 1947 |
Анкара-Стамбул-Афина алғашқы халықаралық рейсі ұшырылды |
| 01.03.1956 |
ТК қайта құрылды, арнайы заңнамаға сәйкес әрекет ете бастады, және 60 МИЛЛИОН ЛИР капиталымен Türk Hava Yollari A.O. аты қайта өзгертілді. |
| 1958-1960 |
Әуе паркі F-27 және VISCOUNT әуе кемелерімен толықтырылды |
| 1967 |
Әуе паркі DC-9 алғашқы реактивті ұшақпен толықтырылды, бұл реактивті ұшақтар ғасырының басталуын білдіреді |
| 1971 |
Әуе паркі B-707 жалға алынған әуе кемелерімен толықтырылды |
| 1973 |
- F-27 әуе кемелері F-28 ауыстырылды
- Әуе паркі DC-10 әуе кемесімен толықтырылды
|
| 1974 |
Әуе паркі B-727 әуе кемелерімен толықтырылды |
| 1984 |
Компания «МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫН» болып қайта жіктелді, ал жарғылық капитал 60 МИЛЛИАРД ЛИРГЕ дейін өсті |
| 1985 |
Әуе паркі AIRBUS 310 әуе кемелерімен толықтырылды |
| 1986 |
СИНГАПУРГЕ қарай рейстің ашылуы алыс шығыс аймағын кең ауқымды ұшу жағрафиясына қосты.. |
| 1987 |
Шілде - капитал 150 МИЛЛИАРД ЛИРГЕ дейін өсті |
| 1988 |
Тамыз – ұшулар кестесіне Брюссель арқылы Нью-Йорк рейсі қосылды |
| 1990 |
- Наурыз – капитал 700 МИЛЛИАРД ЛИРГЕ дейін өсті
- Қыркүйек – ТК жекешелендіру бағдарламасына қосылды
|
| 1991 |
- Әуе паркі B-737 әуе кемелерімен толықтырылды
- Қыркүйек – жарғылық капитал 2 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
|
| 1992 |
Желтоқсан – жарғылық капитал 2.5 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті |
| 1993 |
- Шілде - әуе паркі A-340-300 әуе кемелерімен толықтырылды
- Шілде - әуе паркі RJ-100 әуе кемелерімен толықтырылды
- Тамыз - A-340-300 әуе кемелерінде бірінші сыныпты қызмет көрсету басталды
- Қыркүйек – THT (Турциялық Әуе тасымалдаулар) акционерлік компаниясы Turkish Airlines бірікті
|
| 1994 |
- Қаңтар - акционерлік капитал 6 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
- Шілде - Нью-Йоркке тікелей рейс ашылды
- Шілде - әуе паркі үшінші A-340-300 әуе кемесімен толықтырылды
- Қыркүйек - DC-9 кемесі пайдаланудан алынды
- Қараша - жарғылық капитал 6 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
|
| 1995 |
- Ақпан - A-310-318 әуе кемесінде бірінші сыныпты қызмет көрсету басталды
- Наурыз - жарғылық капитал 10 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
- 3 B-727-200 ұшағы шілде, қыркүйек, қараша айларында жүк ұшақтарына қайта құрастырылды
|
| 1996 |
- Әуе паркі RJ-70 әуе кемесімен толықтырылды
- Сәуір – төрт B-727-200 әуе кемелері пайдаланудан алынды
- Әуе паркі төртінші A-340-300 әуе кемесімен толықтырылды
- Мамыр - капитал 10 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
- Желтоқсан – жарғылық капитал 50 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
|
| 1997 |
- Әуе паркі бесінші A-340-300 әуе кемесімен толықтырылды
- 31 қыркүйекте Japan Airlines әуе компаниясымен Стамбул-Осака-Стамбул рейсін бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
|
| 1998 |
- Наурызда Austrian Airlines әуе компаниясымен Стамбулдан, Анкарадан және Измирден Венаға рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- 30 наурыз, Turkish Airlines "The Qualiflyer Group" мүшесі болды
- Маусым – төленген капитал 30 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
- Тамыз –Swissair әуе компаниясымен Стамбулдан Цюрихқа, Женеваға және Базельге, сондай-ақ Измирден Цюрихқа рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- Қыркүйек –Croatian Airlines әуе компаниясымен Стамбул-Загреб-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- Қараша –Japan Airlines әуе компаниясымен Стамбул-Токио-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- Қараша – әуе паркі B-737-800 жаңа буындағы 26 әуе кемелерінің алғашқы 6 толықтырылды
|
| 1999 |
- Әуе паркі тоғыз B737-800 толықтырылды
- Turkish Airlines екінші техникалық қызмет көрсету орталығын ашты және ангар сыйымдылығын екі есе ұлғайтты
- Сәуір – біздің барлық рейстерімізде темекі тартуға тыйым салынды
- Әуе паркі алтыншы A340-300 толықтырылды
- Қыркүйек –Malaysian Airlines әуе компаниясымен Стамбул-Куала-Лумпур-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- Қараша – жарғылық капитал 175 ТРИЛЛИОН ЛИРГЕ дейін өсті
|
| 2000 |
- Әуе паркі жеті B-737-800 толықтырылды
- Сәуір - Austrian Airlines рейстерді бірлесіп орындау келісімінің мерзімі аяқталды
- Әуе паркі жетінші A340-300 толықтырылды
- Мамыр - Asiana Airlines әуе компаниясымен Стамбул-Сеул-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- Қыркүйек – Олимпиадалық Ойындар жағдайы бойынша Сиднейге бірінші коммерциялық рейстер орындалды
- Қазан - Нью-Йорк, Майами және Чикаго арқылы АҚШ 10 қаласына рейстерді бірлесіп орындау бойынша American Airlines ақпанның соңында қол қойылған келісім күшіне енді
- Қазан - Miles&Smiles тұрақты жолаушылары үшін жаңа бағдарлама іске қосылды
- Қазан - Malaysian Airlines рейстерді бірлесіп орындау бойынша келісімнің мерзімі аяқталды
- 29 қазаннан бастап:
- Стамбул-Гонконг-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі Cathay Pacific Airlines келісім күшіне енді
- Стамбул-Варшава-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі LOT Polish Airlines келісім күшіне енді
- Стамбул-Прага-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі Czech Airlines келісім күшіне енді
|
| 2001 |
- Әуе паркі екі B737-800 толықтырылды
- A-310-200 6 ұшағы Iran Air компаниясына сатылды
- Sunexpress әуе компаниясымен Анталья-Франкфурт-Анталья бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды
- Қаңтар - Сабиха Гёкчен әуежайынан Анкараға ұшулар басталды
- Броньдау бойынша қоңырауларды (444 0 THY / 444 0 849) өңдеу орталығы қызмет көрсете бастады.
|
| 2002 |
- Әуе паркі екі B737-800 толықтырылды
- 15 сәуір – Приштинаға рейстерді орындау басталды
|
| 2003 |
- 2002 жылдың 4 қарашасында басталған, Аданадағы Шакир Паша әуежайына ұшу-отырғызу жолақтарын жөндеу15 қаңтарда аяқталды. Осыдан кейін Аданаға тұрақты рейстер ашылды.
- Даламан әуежайы қаңтардың 7нен 30на дейін жөндеуге жабылды. Рейстер жөндеу жұмыстары аяқталған соң 31 қаңтарда қайта жұмыс істей бастады.
- 29 наурыз - Йоханнесбург-Кейптаун рейсі аяқталды.
- Ирактағы соғысқа байланысты, 17 наурызда Бахрейнге рейстер, ал 20 наурызда – Кувейтке рейстер тоқтатылды. Екі рейс те 1 мамырда қайта жұмыс істей бастады.
- SARS тұрпатсыз пневмонияның тұтануына байланысты Гонконгқа рейстер тоқтатылды. Рейстер 30 маусымда қайта жұмыс істей бастады.
- Пекин мен Шанхайға рейстер SARS тұрпатсыз пневмонияның тұтануына байланысты 18 сәуірде тоқтатылды, 16 шілдеде қайта жұмыс істей бастады. 29 шілдеден бастап, ұшулар жиілігі 2-ден 3-ке дейін жоғарылады.
- 18 қыркүйек – Нью-Делиге рейс ашылды.
- 17 қазан – Сивасқа рейс ашылды.
- 2 қазан - Измир-Адана-Измир рейсі ашылды
- Air India әуе компаниясымен Стамбул-Нью Дели-Стамбул бағыты бойынша рейстерді бірлесіп орындау жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісімді жүзеге асыру 3 қарашада басталды.
- AEA мүше, барлық әуе компаниялар арасында жүк ең аз жоғалатын, THY ең сенімді АЕА әуекомпаниясы болды.
- Miles and Smiles мүшелері үшін ішкі рейстердегі орындар санын шектеу бағдарламасын жүргізу тоқтатылды.
- 9 қараша – THY рейсіне билеттерді электрондық түрде сату басталды.
- Алдын ала броньдауды жүргізетін жолаушылар ішкі рейстерге 30% жеңілдік алды.
|
| 2004 |
- Turkish Airlines таза пайдасы 2003 жылы 214 миллиард лирді құрады.
- Turkish Airlines борттарында дефибрилляторлар пайда болды.
- Turkish Airlines тамызда Airbus және Boeing тапсырыс берілген ұшақтары жеткізілгенше, әуе кемелерінде жетіспеушіліктерді жабу мақсатында мерзімді пайдалану үшін World Focus Airlines-тің екі А-310 жалға алды.
- Turkish Airlines 23.9 миллиард лир мөлшерінде 2004 жылдың бірінші жартысының ішіндегі табыстарды жариялады. IATA datas мәліметтері бойынша халықаралық әуе тасымалдаулар 20,4%, орындардың бос еместігі 13,2%, ал THY жолаушыларының саны - 22,6% өсті. Ішкі рейстерде жолаушылар саны 6,3 миллионды құрады, оның ішінде 74% THY тасымалданды.
- Қыркүйек – Boeing ұшағының американдық шығарушысы аймақтағы басқа да ықтимал баламалар арасынан ТНY техникалық қызмет көрсету орталығын таңдап алып, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша 10 жылдық келісімге қол қойды. Бұл келісім 350 миллион американдық доллар мөлшерінде табыстар әкеледі. Басқа ірі шығарушы – Honerwell - әлемде алғашқы рет THY техникалық қызмет көрсету орталығын acfm56-7b ұшақтардың отындық компоненттеріне техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің арнайы орталығы деп жариялады.
- 2004 жылдың 21 шілдесінен бастап жөндеуге жабылған Вандағы әуежай ашылған соң, THY 2004 жылдың 18 қыркүйегі сенбі күні Ванға тұрақты рейстер қайта жұмыс істей бастады.
- Қыркүйек - www.turkishairlines.com.tr сайтында клиенттерге онлайындық қызмет көрсету басталды.
- 2004 жылдың алғашқы тоғыз айында, THY 193 миллиард лир (128 миллион АҚШ доллар) табыс кіргізді. Жолаушылар саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,2% өсті.
- Pakistan Airlines қол қойылған келісімге сәйкес, THY Стамбул-Карачи рейсінің жиілігін аптасына екіден төртке дейін жоғарылатты. Pakistan Airlines аптасына үш рет Исламабад-Стамбул рейсін жүзеге асыруды бастады. Аталмыш келісімге сәйкес, Pakistan Airlines сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша THY бірлесіп жұмысты бастауды шешті.
- Желтоқсанда ішкі рейстер саны өсті, және сұраныс пен ұсынысты теңестіру көзделген табыстарды басқару модельдеріне сәйкес билеттерге қысқы тарифтерді қолдана бастады.
- Қажылыққа бару кезеңінде (15 желтоқсан – 24 ақпан), THY Джидда мен Мединаға 623 барып-қайту ұшуын жүзеге асырды. THY 80 мыңға жуық қажыларды тасымалдады.
- 2004 жылдың желтоқсанында жариялау AEA тұтынушылық есебіне сәйкес, THY Еуропадағы «уақтылы рейстер» санатындағы екінші әуе компаниясы болып жарияланды. Есепке сәйкес, THY сондай-ақ жүктің аз мөлшерде жоғалу оқиғалары бойынша екінші орында болды. Осы мәліметтер негізінде, THY Еуропадағы ең жемісті әуе компанияларының біріне айналды.
|
| 2005 |
- 1 қаңтар 2005 – билет бағасының ішкі жүйесі қайта енгізілді. Осы ережеге сәйкес рейс уақытына тәуелді қолданыстағы бағаны тағайындау жүйесі әрекетін жалғастыруда, сондай-ақ көптеген рейстер үшін де 20 жаңа түрік лирі көлемінде жеңілдіктер ұсынылды.
- 2004 жылы THY жолаушылар мен жүкті тасымалдау саны бойынша, сондай-ақ сатылған орын пайызы бойынша да тарихи рекордқа қол жеткізді. Жолаушылар саны 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15% артып, 12 миллионға жетті. Сонымен 2004 жылы сатылған орындар түңғыш рет 70% асты. Жүктерді тасымалдау 2003 жылы 123 400-ден 134 700-ге дейін өсті. Тасымалданған жүктер көлемі соңғы жылы 9.1% жетіп, тарихи шыңына жетті.
- THY табысы ҚҚС есепке алмағанда 110 миллион жаңа түрік лирін (110 миллиард түрік лирі) құрады.
- Газиантептегі әуежайда 2005 жылғы 3 наурыздан 3 маусымға дейін созылған жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, THY рейстердің жеткіліксіздігін болдырмау мақсатында күн сайынғы Стамбул-Газиантеп және Анкара-Газиантеп рейстерін Аданаға жолдады.
- Ақпанның 4-нен 18-не дейін жүргізілген жыл сайынғы Құрама Штаттардың Федеральдық Азаматтық Авиация Басқармасымен жүргізілген тексеру табысты аяқталды. Дайындалған есепке сәйкес THY Техникалық Қызмет көрсету Орталығының цехтары мен бөлімдерінің басым бөлігі кінәратсыз жұмыс істейді. Бүкіл әлемде азаматтық авиация қызметін басқарумен айналысатын Құрама Штатттардың Федеральдық Азаматтық Авиация Басқармасы инспекциясымен дайындалған Есеп THY Американың барлық азаматтық әуе компанияларына техникалық қызмет көрсете алатындығын растады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету тобының тамаша мүмкіндіктері барлығын атап өтті.
- 27 наурыз – THY аптасына 4 рет Стамбулдан Касабланкаға (Мороккодағы ең ірі қалалардың бірі) және кері рейстерді орындауды бастады.
- THY Касабланкада офис ашты. Мерекелік рәсім 31 наурызда өтті.
- Пәлсапа докторы Темел Котил THY атқарушы директоры болды. Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып доктор Джандан Карлытекин сайланды. Директорлар Кеңесінің мүшелері: Мехмет Бюйюкэкши, Огуз Борат, Джандан Карлытекин, Темел Котил, Атилла Оксюз, Джемал Шанлы, Хамди Топчу.
- Жекешелендіру Бюросы THY акциясының 75,17% иеленді. Қалған 24,83% акция акционерлер мен мекемелерге тиесілі.
- 2005 жылы бірінші тоқсанда (қаңтар-наурыз) ұшақтың толуы 68,9% жетті. Жолаушылар саны тиісті кезең ішінде 2004 жылы 2 416 000-ден 2 961 000-ге дейін артты. Бұл соңғы 10 жыл ішінде тасымалданған жолаушылар санының ең жоғарғы көрсеткіші және жолаушыларды тасымалдау бойынша бірінші тоқсандағы ең үлкен көрсеткіш болды. 2004 жылы алғашқы үш ай ішінде тасымалданған жүктер көлемі, өткен жылғы тиісті кезең ішінде 27 900 тоннадан 2005 жылы 29 900 тоннаға жетті.
- 2004 жылы 30 сәуірде THY Стамбулдың азиаттық бөлігінде Сабиха Гёкчен әуежайынан рейстерді орындауды бастады. Сабиха Гёкчен және Измир, Трабзон, Адана және Анталия әуежайы арасында рейстер орындалды.
- 9 мамыр - Билал Экши THY атқарушы вице-президенті (жердегі операциялар) болды.
- 7 маусым – THY Стамбул және Лиссабон арасында (Португалияның маңызды қалаларының бірі) барып-қайту рейсін орындауды бастады.
- THY 72-ші мерей тойын атап өтті.
- 14 маусым - THY Стамбул, Анталия және Лондон Станстед әуежайы арасында барып-қайту рейсін орындауды бастады.
- 1 маусым - THY Стамбул-Карачи рейсінің тұрақтылығын аптасына екіден төртке дейін өсірді.
- Жазда THY «THY 111 күн» деген атпен университет студенттеріне «мансап алдында тәжірибе» алуына мүмкіншілік берді.
- 5 маусым –THY Стамбул-Карачи рейсінің тұрақтылығын аптасына екіден төртке дейін өсірді.
- 21 маусым – THY Норвегияның астанасы- Ослоға рейстерді орындауды бастады.
- INPACT INT/CAN INTERNATIONAL SUPERVISION 2005-2006 жылдар аралығында тәуелсіз тексеру жүргізеді деген шешім қабылданды.
- Халил Токел атқарушы вице-президент болды (коммерциялық мәселелер бойынша).
- THY жүктерді жеткізу жүйесіне Алматы және Нью-Дели қосылды.
- 22 тамыз – THY Стамбул мен Конья арасындағы бару-қайту рейсінің тұрақтылығын күн сайын бірден екіге дейін арттырды (таңертең және кешке).
- Тамызда А-340 ұшағының бортында кенеттен болатын жүрек ұстамалары оқиғаларына арналған дефибрилляторлар пайда болды. Ұшақ экипажы тиісті оқудан өткен.
- Қазан – көрсетілетін қызметтер мен имиджге өзгеріс енгізілді. Қызғалдақ трансформация мен жаңаруды білдіреді.
- 2005 жылдың алғашқы айларында THY табысы ҚҚС-сыз 27.5 миллион жаңа түрік лирін құрады.
- Тамыз айынан бастап күн сайынғы Стамбул-Денизли рейстерін жүзеге асыру басталды.
- THY Анталияда Golden Orange Film Festival кинофильмдер фестиваліне демеушілік көмек көрсетті. Фестиваль 42-ші рет өтуде.
- Рамазан айы ішінде 59 жаңа түрік лиріне жеңілдікпен билеттер ұсынылады.
- 19 қазан – THY Қазақстанға Астана қаласына рейстерді орындауды бастады.
- 12 қазан – THY Турцияда құс тұмауы пайда болуына байланысты Қауіпсіздік Комитетімен дайындалған іс-шаралар кешенін қабылдады.
- THY жер сілкінісінен зардап шеккен Пәкістанға гуманитарлық жәрдемді өтемақысыз жеткізді.
- THY спорт клубының шахмат командасы қыркүйектің 28-нен қазанның 3-не дейін Коньеде өтетін Турцияның клуб чемпионаты финалында жеңіп, Турцияның супер Лигасына шықты.
- Әлемдегі Дүниежүзілік Авиация Ұйымы жанындағы Техникалық Қызмет көрсетуді Стандартизациялау Комитеті (JAA MAST) Турцияда «ұшу қауіпсіздігіне тексеру» жүргізгеннен кейін «THY техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоғарғы стандарттарын ұсынады» деп хабарлады.
- 1қарашадан бастап, THY жолаушыларға бағаны белгілеудің жаңа моделі шегінде әртүрлі бағалық баламаларды ұсынды.
- THY World Focus Airlines RJ100 орнына MD-83 екі ұшағын жалға алады.
- THY 23 жаңа халықаралық бағыттарды ашуды және әуе паркін 59 жаңа ұшаққа дейін өсіруді шешті.
- Бір айдың ішінде, THY (www.thy.com.tr / www.thy.com ) өзінің веб-сайтында «Тұтынушылық қанағаттандыруды зерттеуді» жүргізді. Тұтынушылардың талаптары мен ұсыныстарын анықтау көмегімен қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған жоба.
- HABOM A.S, THY TEKNİK AS, THY EGİTİM THY мекемелері туралы шешім қабылданды.
- THY 2006 жылы 90 мың қажыны тасымалдауды жоспарлап отыр.
- 17 желтоқсан – THY Анкара мен Самсун арасында, сондай-ақ Стамбул мен Карс арасында барып-қайту рейстерін орындауды бастады.
- 15 желтоқсан - әуе паркі Airbus и Boeing сатып алынған Boeing 737-800, Airbus 320 ұшақтың жаңа түрлерімен - 59 ұшақтың ішінде алғашқы үшеуімен, және Турцияда Airbus 330 алғашқы аэробусымен толықтырылды.
- 15 желтоқсан – THY терминалдары Ататүрік әуежайына рейстерге отырғызу іс жүзінде уақытты жоғалтпай жүргізетіндей болып орнатылған.
- 19 желтоқсан – 2005 жылдың 13 қарашасында өрттен кейін жөндеуге және қайта құрастыруға жабылған, Анкарадағы Эсенбог әуежайының ішкі терминалы ашылды.
|